Институт туралы

Құру тарихі                                                                          

Негізгі базасы Курчатов қ. орналасқан Геофизикалық зерттеулер институты, геофизикалық бағытындағы екі ұйымның базасында 1993 жылы ұйымдастырылған. Біріншісі – Бұрын болған КСРО аумағында жер қыртысының тереңдегі құрылысын кешенді геофизикалық зерделеуімен айналысқан КСРО Геология министрлігі Геон орталығының Онтүстік филиалы (№ 35 партия). Екіншісі – КСРО ҒА Жер физикасы институтының, негізгі функциясы ядролық сынақтардың мониторингісі болатын, «Бурабай» геофизикалық обсерваториясы. 1994 ж. Институт құрамына бұрын болған КСРО Арнайы сейсмикалық бақылау қызметінің Қазақстан аумағындағы Курчатов, Ақтөбе, Мақаншы станциялары қосылған.

Ұйымның құрылымы

Ұйымның ішкі және Институтта ғылыми зерттеулерді басқару құрамы, Курчатов қаласындағы бас офистен басқа үш филиалын қосады – Арнаулы сейсмикалық ақпаратын жинау және өңдеу орталығы (Алматы қ., Чайкина к., 4), «Каскелен» геофизикалық обсерваториясы (Алматы облысы, Қаскелен қ.) «Бурабай» геофизикалық обсерваториясы (Ақмола облысы, Щучинск ауданы). Сонымен қатар Институт құрамында екі геофизикалық станциялары жұмыс істеуде – «Курчатов» (Курчатов қ. 2-нші алаңы), «Ақтөбе» (Ақтөбе облысы. Хромтау ауданы) және алты сейсмикалық станциялары: «Мақаншы» (ШҚО, Үржар ауданы), «Қаратау» (Жамбыл обл.), AS057 Бурабай (Ақмола обл.), «Ақбұлақ» (Батыс Қазақстан обл.), «Ортау» (Қарағанды обл.) «Подгорное» (Алматы обл.).

Инститтың құрамында, Курчатов қаласындағы базасында, екі зерттеулік бөлімшелері жұмыс істейді – арнайы геофизикалық бақылау лабораториясы, кешенді геоэкологиялық зерттеу лабораториясы. Сондай-ақ, ғылыми зерттеулерге қолдау көрсететін бөлімшелер бар – технологиялық тобы, ақпараттық технологиялар тобы, бұрғылау жұмыстар бөлімі ж.б.

Кадрлар

Институт штатында 448 қызметкерлер жұмыс істейді: жоғары білімі бар 145, олардың ішінен 2 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаттары.

Ғылыми-техникалық қызметінің негізгі бағыттары:

   Ядролық сынақтарына бәрін қамтитын тыйым салу туралы шарты және басқа халықаралық келісімдер бойынша Қазақстан Республикасы өзіне алған міндеттемелеріне сәйкес стационарлық геофизикалық станциялар желісін дамыту және санкциясыз ядролық сынақтардың мониторингісі;

   Ұлттық деректер орталығын – Арнаулы сейсмикалық деректерін жинау және өңдеу орталығын (АСАЖӨО) жасау мен дамыту

   Ядролық сынаулар жүргізілген жерлерде (ССП, Азгтр ж.б.) геологиялық ортада ядролық жарылыстардың зардаптарын зерделеу;

   Радиоактвті қауіпті қалдықтарды қауіпсіз оқшаулау үшін жарамды және атом энергетикасы объектілерін орналастыру жерлерді зерделеу мен таңдау әдістерін әзірлеу;

   Атом энергетикасының әр түрлі міндетіндегі объектілерде инженерлік-геологиялық және геофизикалық ізденістері;

   Ядролық жарылыстар жүргізілген және атом энергетикасы объектілерін орналастыру жерлерде геофизикалық мониторингі үшін аппартуралық-программалық кешендерін әзірлеу.

Институт қолында:

   Халықаралық мониторингі жүйесіне кіретін станцияларға халықаралық сертификаттары;

   геология-геофизикалық жұмыстарды жүргізуіне, бұрын болған сынау ядролық полигондар мен басқа ластанған аумақтарда қызметін жүзеге асыруына, жобалық-ізденістер қызметін жүзеге асыруына құқығын беретін мемлекеттік лицензиялар.

Халықаралық ынтымақтастық

Институт халықаралық және республикалық ұйымдарымен белсене қызмет істеуде.

Бір қатар шетел және халықаралық ұйымдардың (ЯСБТШҰ, AFTAC, NORSAR, IRIS, LDEO, CEA/DASE) қолдау көрсетуінде әлемде ядролық қауіпсіздігін бақылаудың инфрақұрылымы тәулік бойлық режимінде іс-қимылда.  

2003 жылдан бастап, ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығы Еуропалық Жерортатеңіз Сейсмологиялық Орталығымен (EMSC) қызмет істеуде, сейсмологиялық бюллетеньдерімен, сейсмикалық оқиғалар мен жарылыстар туралы ақпаратымен алмасуда.

2009 жылдан бастап Институт, Германиялық Геофизикалық Орталығы – FZ, Потсдам – қолдау көрсетуінде CAREMON станциялар желісін орнату бойынша бірлескен ортаазиялық жобасына қатысуда.

Жоба шеңберінде Қазақстанда екі станция орнатылған – «Ортау» (Қарағанды обл.), «Подгорное» (Алматы обл.).

Институттың мамандары шет елдерде (Норвегия, Франция, АҚШ, Жапония) оқуын өтеді (треннинг-курстар).

Конференциялар,басылымдар

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері жыл сайын республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларда баяндалады.

Институттың қызметкерлері мақалаларын, 2000 ж. қаңтардан бастап тоқсан сайын шығарылатын «ҚР ҰЯО Хабаршысында» (http://www.nnc.kz/ru/publications/vestnik.html,), сондай-ақ ТМД мен шетел басылымдарында жариялайды.